Жол бойындағы қызмет көрсету басты назарда

Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізінің Қармақшы ауданы аумағымен өтетін бөлігінің бойында 3 нысан қызмет көрсетуде. Бұл қызмет көрсету нысандары 2014-2016 жылдарда іске қосылған жобалар.
2017 жылдың қараша айында ІІІ-Интернационал ауылы тұсынан жеке кәсіпкер Рагибова Гукчактың «С» санатты қызмет көрсету пункті іске қосылды. Қазіргі таңда 25 адам жұмыспен қамтылды.
Кешенде 120 орындық тамақтану орны, 50 орындық кафе-бар, қонақ үй, сауда дүкені, монша, автокөлік жөндеу және жуу орталығы, жеңіл және жүк көліктеріне арналған автотұрақ пен эстакада, жазғы демалыс орны және газ құю бекеті орналасқан.
Биылғы жылы 2 жоба облыс әкімі жанындағы қала-құрылыс кеңесінің қарауына ұсынылып отыр.
ҚОҒАМ 31 шілде 2018 г. 627 0