«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ бірігуі нәтижесінде зейнетақы төлемдерді алу тәртібі қалай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті «Қазкоммерцбанк» АҚ клиенті - «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушы! «БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға қосылу арқылы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның ерікті қайта құрылуына байланысты «Қазкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ банк шоттарын біріктіру жұмыстарының жүргізілгенін хабарлайды. «Қазкоммерцбанк» АҚ ағымдағы/карталық шоттарына «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ», – дейді қор өкілдері.
БЖЗҚ өкілдері «Қазкоммерцбанк» АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды екендігін айтты. Толық ақпаратты halykbank.kz сайтынан немесе тегін 8 800 080 0059 нөмірі арқылы ала аласыз.