Қазақстандықтар Айдың ең ұзақ тұтылуын 27 шілде күні көреді

Қазақстандықтар Айдың тұтылуын Астана уақытымен сағат 23:13-те көре алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
27 шілде күні қазақстандықтар ерекше астрономиялық құбылыстың куәгері бола алады. Бұл – айдың ең ұзақ уақыт бойы тұтылуы.
Бұл жолы Ай Жердің көлеңкесінде 43 минут тұрады, ал жалпы тұтылу уақыты шамамен төрт сағатқа созылады.
Ауа райының қолайлы болуына байланысты бұл құбылысты Солтүстік Америкадан басқа жер бетінің барлық тұрғыны көре алады. Оңтүстік Америка, Батыс Африка және Еуропа мемлекеттерінде бұл Айдың шығуымен сәйкес келеді.
Аспан шоуы Астана уақытымен 23:13-те басталады.

ҚОҒАМ 24 шілде 2018 г. 671 0