Елімізде пойыздардың үшінші полкасындағы билеттер сегіз мыңнан сатылып жатыр

Қазақстанда теміржол билеттерінің маусымдық тапшылығы басталды. Мамандардың айтуынша, оған үстеме бағамен сататындар мен әділетсіз кассирлер кінәлі. Оларды ұстау үшін жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері шықты. Бұл туралы Хабар 24 арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Арна журналистерінің "Үшінші полканы қаншаға бересіздер?" деген сұрағына жолсеріктер "Сегіз мыңға" деп тіл қатқан.

"Билеттерді сату жүйесінде кассирлерден басқасының бәрі қамтылған. Күзетшілерден бастап, жолсерік, делдалдар, "көмектесушілер", белгісіз біреулер теміржол билеттерін сатады. Сатумен бәрі айналысады. Бірақ бұл билеттер кассада да, жүйеде де жоқ", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент директоры Данияр Сәбірбаев.

Демалыс маусымының қызған уақытында кассада билет тапшылығы байқалады. Бірақ департамент өкілдерінің айтуынша, поездар бос кетеді. Ұлттық тасымал мекемесі заңсыз билет сататындарды жеңудің жолын таппай дал болғанына қанша уақыт өткенін айтты.

"Бос орындар болуының тағы бір себебі күн сайын еліміз бойынша 1500-1700 билет бізде броньда тұрады. Себебі олар мемлекеттік құрылымдар мен органдарға кетеді. Алайда солардың 80% мүлдем қолданылмайды. Бірақ біздің үстімізден қарайтын министрліктің бұйрығы осындай болғандықтан, ештеңе істей алмаймыз", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ вице-президенті Данияр Нұрмағанбетов.

ҚОҒАМ 24 шілде 2018 г. 636 0