« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры үстіміздегі жылдың тамыз айында Эдинбург қаласында өтетін «Фриндж» халықаралық өнер фестиваліне қатысады. Онда Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклін ұсынады.
Халықаралық «Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында Шотландия елінде өткізіліп келеді. Бұл – әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер фестивальдерінің бірі. Фестивальге әлемнің 50 мемлекетінен 50000 өнерпаз қатысады. 3000-ға жуық қойылым көрсетіледі.
Сыр театры ұсынғалы отырған «Ақбаян» спектаклін қоюшы режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн. Көркемдеген суретші Нұркен Қалымбетов. Спектакльде өнер көрсететін артистердің басым көпшілігі жастар. Атап айтсақ, Ақбаян ролінде – Зарина Кенжеәлі, Айым Бегмат, Қозы рөлінде – Санат Жүзбай, Қодар – Қанат Архабаев және Қарабай ролінде – Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Бақытбек Темірбеков, Сарыбай – Сырым Әбдразақов, Мақпал – «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Залипа Төлепова және Күнекей ролінде – Ақтолқын Төлеуова.
Махаббат хикаясына толы елу минуттық қойылымда – бесікте атастырылып, бірақ жолдары екіге айырылған, он жеті жылдан соң қайта жүздескен қос ғашықтың тағдыры суреттеледі. Бір-бірін көруге ынтық жүректер қайта табысады. Алайда, олардың қосылуына кедергі бар. Бірі – қалайда дүниесін толтыруды көздеген қыз әкесі Қарабай. Екіншісі – Баянға ғашық, тек күшіне сенген Қодар. Спектакльде қазақтың салт-дәстүрлері – биі, ойындары мен ұлттық нақыштағы киімдері көрініс табады.
– Қазақтың ұлттық мәйегі мен мәдени құндылығы тоғысқан «Ақбаян» спектаклімен әлем сахнасына жол тарту Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театры үшін мәртебелі міндет болып табылады, – деді театрдың көркемдік жетекшісі Әмір-Темір Хұсейн.
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының репертуарында түрлі жанрдағы көрермен талғамына сай сапалы қойылымдар саны артқан.
Театр 63 жылдық маусымында бес мемлекетке гастрольдік сапармен барып, қазақ өнерінің мәртебесін көтеріп, мерейін асқақтатты. Оның ішінде, Татарстан, Түркия, Әзербайжан және Ұлыбритания еліндерінде өткен өнер додаларына қатысып, үлкен жетістіктермен оралды.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |