Қазақ баласы Ресейдегі әлем чемпионатының финалына қатысатын болды

Қазақстандық тоғыз жасар балақай Мадали Исабек әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Ол дүбірлі дода кезінде команда ойыншыларының бірімен алаңға бірге шығу мүмкіндігіне ие болған деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлемге әйгілі жедел тамақтану қызметін ұсынатын мейрамханалардың бірінде ұйымдастырушылар өте қызық науқан ұйымдастырды. Келушілердің ішінде 13 адам жеңімпаз атанып, көптен күткен жолдамаларына ие болды.

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалына бес адам, жартылай финал ойындарына төрт адам, ақтық финал ойындарына үш адам жолдама ұтып алыпты.

Науқанның басты сыйлығы чемпионат финалында ойнайтын футболшылардың қолынан ұстап шығу мүмкіндігі болатын. Осындай зор құрметке тоғыз жасар Мадали Исабек ие болды.

ҚОҒАМ 04 шілде 2018 г. 793 0