« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
“Маған Ақтөбе, Петропавл, Павлодар өңірінен тапсырыс көп түседі. Кейде барып қайтам. Кейде бас тартсам, ренжіп жатады. Ондай кезде қарияларға жөн сілтеймін. Жоқтау айтқанға қарсы болу дұрыс емес деп есептеймін. Мәселе ақшада емес”, – дейді тапсырыспен жоқтау айтушы.
Ақша үшін жоқтау жөнінде шариғат не дейді?
“Көздер жас ағызады, жүректер қайғырады, бірақ адам Аллаға разы болатын сөздер айтылады. Ал ақшаға жоқтау айтуға дінімізде тыйым салынған”, – дейді “Әзірет сұлтан” мешіті шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы.
Жоқтаушылардың ақысы 20 мыңнан басталады. Марқұмның атақ-абыройына байланысты қызметінің бағасы арта береді.
Ал филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов бұл кәсіпті жөн санайды.
“Жоқтау қазақ халқында бар дәстүр. Қаралы үйдің жоқтау айтатын адамы болмаса, арнайы жоқтаушы, термеші жалдап айтқызу дұрыс. Ол жоғалып бара жатқан салтымыздың қайта жаңғыруы деген сөз”, – дейді ол.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |