Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Туған ауыл, таулар, тау арасындағы жылғалар, таулардағы қызғалдақтар, көкнәрлар - көктемде барлығы қызыл болады. Біздің ойындар мен серуендеген сәттер, көкнәрлардың ішіндегі футбол, сосын барлығымыз бірге тауға шығатынбыз. Бұл мәңгілікке есте қалады", - дейді Президент Instagram желісінде жарияланған видеода.
Айта кетейік, 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады.