ТАРИХЫМНЫҢ ТЕРТЕСІ, ШЕЖІРЕМНІҢ ШЕРТПЕСІ

Қазақ мынау деп көрсеткенде, домбыраны қосып көрсетуіміз – заңдылық. Одан басқа заттың біз­дің болмысымызды аша қоюы қиын. Мұны Қадыр ақын да «Нағыз қазақ – домбыра» деген сөзі­мен нықтап кеткен.

Ұлттық домбыра күні жарияланды дегенде бүкіл қазақ қуанды. Күнде қолымызда жүрген домбыраның қасие­ті асқақтап кетті. Рухани жаңғыру деге­німіздің бір көрінісі осы. Қазақ елінде тұратын жүзден аса ұлттың назарын домбыраға аудару рухымызды биіктетіп, тамырына байланған бет-бедерімізді айшықтай түсті. Шежіремізді шертіп, тарихымызды бүгінге сүйреп жеткізген күштің бірі – домбыра.

Қолыма он екі жасымнан домбыра ұстап, дәстүрлі өнерді дамытуға үлесімді қосып келе жатқаныма жиырма жылдай уақыт болыпты. Осы ұлық мерекеге тарту есебінде мен композитор И.Елубаеваның әуеніне жазылған «Домбыра болып сөйледім» атты шығармама бейнебаян түсіріп жатырмын, жақын арада тың­дарманыма жолдаймын.

Осылайша, халықтың рухани игілі­гіне тағы бір ұлттық мереке қосылды.

 

Үміт МЕДЕУОВА,

дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері.

ҚОҒАМ 02 шілде 2018 г. 673 0