Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында заман талабына сәйкес нақты 10 бағыт бойынша жоспары белгіленіп, мемлекет назарына ұсынылды.
Жолдаудың жетінші басымдығы адам капиталы тақырыбына арналды.
Мұнда білім берудің маңыздылығы және ғылыммен айналысудың тың тетіктері тілге тиек етілді. Яғни, азаматтардың білім арқылы істе озық жүйені құру арқылы жеделделділіктің қажет екендігі айтылды.
Осы орайда, кез-келген мемлекеттің негізін құрайтын әскер. Шекарасы бекітілмеген, әскері жасақталмаған ұлттың мемлекет болып қалыптасуы екіталай.
Ал жасақталған әскердегі әскери қызметшілердің денсаулығы, білім деңгейі жоғары болуы басты шарт. Ол үшін сапалы кадрлар даярлайтын әскери оқу орындарына тікелей байланысты.
Жалпы, елімізде ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты үш үлкен әскери институттармен әскери мектеп -интернаттар бар. Атап айтар болсақ:
1.Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты;
2.Алматы қаласында Құрлық әскерлерінің Әскери институты;
3.Алматы қаласында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты;
4.Ақмола облысы, Щучинск қаласында Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусы;
5.Астана қаласыда генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебі;
6.Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы Республикалық әскери мектеп-интернаттар;
7.Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан мамандандырылған «Арыстан» лицейі.
Аталған әскери оқу-орындарынан қазіргі таңда сан мыңдаған сарбаздар түлеп ұшып, еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет атқаруда.
Сыр өңірінен өткен жылы әскери оқу-орындарына өтініш білдірген 152 мектеп түлегінің 83 - і II кезеңге қабылданып, оның 40 -қа жуығы таңдаған мамандық курсанттары атанды.
Әскери оқу-орындарының артықшылықтары өте көп. Мемлекет тарапынан қажетті материалдық - моральдық жағдаймен толық қамтылған. Ақысыз негізде білім, жатар-жай, киім, оқу-құралдары, ай сайынғы шәкіртақы, жұмыспен қамту, тұрғын үй және 47-жастан бастап, зейнеткерлікке шығу.
Ол үшін орта және арнаулы білімі бар мектеп оқушысының әскери салаға ынтасы арқылы (ер бала) Атақты жазушы Ғ. Мүсіреповтің сөзімен «Оқу - білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек» - деген. Білімді болуға ізденісі, Отанға адал қызметі, антқа беріктігі болуы арқылы болашақ офицер мен сержанттың «Генерал» шенін иеленуіге де болашақтан мүмкіндігі зор.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболов.