Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері Елбасының 2018 жылы қаңтар айында жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы барысында ауқымды шаралар ұйымдастырып, насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Осы орайда Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жеке құрамының қатысуымен «Елбасы жолдауы – жаңғыру жолы» тақырыбында жиын өткізілді.
Айтулы шарада департамент бастығы бастығы полковник Е. Байболов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында ҚР Президенті айқындап берген 10 міндеттің мазмұнын және Жолдауды қолдау туралы айтылған зиялы қауым өкілдерінің пікірлеріне тоқталып өтті.
Сонымен қатар ҚІЖД департамент бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі бастығының МУА майор Н. Искакова еліміздің жиырма алты жыл ішінде жеткен жетістіктерінің нәтижесі Көшбасшымыздың тың бастамаларынының айқын дәлелінің көрінісі екенін атап көрсете отырып, әлем халықтарының мемлекетіміз туралы айтқан ойларын да айтты.
Шара соңында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұжымы ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатын қолдайтынын жеткізді.