« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ұлтымыздың ғасырлар көшімен бірге жасасып келе жатқан алтын өзегі домбыраның қадір-қасиеті халқымыз үшін қашан да ерекше. Міне, осы ұлттық музыка аспабының Ұлттық домбыра күні болып мәртебе иеленуі, мереке есебінде Елбасы Жарлығымен жариялануы, мемлекет табынан қолдау табуы барша халықты қуантты.
Әр халықтың жаһандану үдерісінен қорғанатын коды, ол – ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі.
Кешегі кеңестік дәуірдің идеологиясында ескінің көзі, зар-мұңның сөзі саналған қобызымыз қолымыздан ажырап қалды. Бірақ, мыңжылдық мұрамызды шынашақтай шанағына сыйғызған домбыра өмір сүруін жалғастырып келді. Тоныкөк заманынан бергі сынатасқа жазылған шежірелерімізді бүгінгі күнге жеткізген домбыра құдіреті екені ақиқат. Қос ішектен төгілген күй үнінде қазақ деген халықтың шын мәніндегі жан-дүниесі жарқырап тұр.
Домбыра күнінің белгіленуі – біздің халқымыздың рухын көтеретін игі бастама, ұлы іс. Мұның дәстүрге еніп, ел ішінде ерекше мерекеге айналатынына бек сенімдіміз.
Алмас АЛМАТОВ,
ҚР Мәдениет қайраткері,
Қазақ Ұлттық
өнер университетінің
профессоры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |