Сәуiр айының бірінші жексенбісі жер қойнауын зерттеушілердің кәсіби мерекесі. Ел Президенті Н.Назарбаев өзінің биылғы дәстүрлі Жолдауында "Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуы тиіс” деп атап айтқан болатын. Бүгінде өңір геологтары Елбасы тапсырған осы үдеден шығу жолында аянбай еңбек етуде. Мәселен, "Волковгеология” АҚ филиалы №23 Геологиялық барлау экспедициясы аудан мен облыстың геология саласының дамуына ауқымды үлес қосып келеді.
Кәсіби мерекеге орай сала қызметкерлері спорттық жарыстар өткізді. Еңбек пен сергектікті бойына қатар тоқыған бірнеше геологиялық компания ұжымдарының қатысуымен өткен спорттық ойындар тартысқа толы болды.
Мерекелік шараны №23 ГБЭ директоры Қ.Қойкелдиев ашып, әріптестерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Сайыстың қорытындысында спорттың кіші футбол, жеңіл атлетика, волейбол секілді түрлерінен "РУ-6” ұжымының командасы алдына қара салмады. "Демеу-Шиелі”, "Қызылқұм” және №23 ГБЭ компаниясының спортшылары да жақсы өнерлерімен көзге түсті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Оңталап БЕГАЛДИНОВ,
Шиелі ауданы барлау экспедициясының инженер-технологы.