ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРУГЕ ҚИНАЛА МА?

Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондайда ең алдымен Алладан, онан соң дәрігерден дәрмен күтетініміз белгілі. Мен де ағымдағы жылдың үшінші сәуірі күні қан қысымым 220/100 болып көтеріліп, қатты ауырдым. Дәрілерімді ішіп, болмаған соң 16.50-де жедел жәрдем шақыру үшін телефон соқтым. Сөйтсем автоматты жауапбергіш қосулы екен, "күтіңіз” деді. Қайта қоңырау шалам, тағы сол жансыз дауыс "күт” деп саңқылдап тұр. Сонан екі сағаттан кейін барып, ар жақтан адамның дауысы шықты-ау, әйтеуір. Оларға "бұларың сұмдық қой” деп жұрттың жедел жәрдемді еріккеннен шақырмайтынын айтып ашуландым. Сол жағдайымда маған ашулануға болмайтынын білем бірақ, мына оқиға менің еріксіз ашуымды келтірді. "Жаңалық, инновация” деп адам өміріне осылай салғырт қарауға бола ма? Автожауапбергішке қосып қойып, алаңсыз жүру дәрігерге жараса ма? Жедел жәрдем қызметіне түскен әр қоңыраудың артында адамның өмірі тұрғанын ондағылар сезбей ме сонда? Қалай болғанда да әлгі оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметіне, ондағы дәрігерлерге көңілім қалды. Осы ренішімді өзімнің сүйікті басылымым "Сыр бойы” газеті арқылы білдіруді жөн көрдім. Жаңалыққа, жақсылықа ұмтылған жақсы, алайда, "жаңалық осы” деп жауапкершілікті ұмытпаған жөн.
Шәркүл Дүйсекова,
еңбек ардагері.
Қызылорда қаласы.

ҚОҒАМ 08 сәуір 2014 г. 924 0