« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
23 маусым полицейлер күніне орай Алматыда ерекше құттықтау болмақ, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Ұлан Қабылов – жол полицейлерінің жұмысын тексереді. 2016 жылы атышулы Руслан Күлекбаев террор жасаған уақытта Ұлан Қабылов оған бірінші болып қарсылық танытты.
«Екі рет жараланғандықтан, не өмір сүрерім, не тірі қаларым белгісіз болды. Ен ауыр соққаны – серіктесім көз жұмды. Мені әріптестерім құтқарып, дәрігер шақырды. Оларға өмір бойы ризамын», – дейді Қабылов.
Ол әйелі Жанармен 5 бала тәрбиелеп отыр.
«Полицейдің әйелі болған қиын. Үнемі қорқынышта жүресің. Үнемі жұмыста болады. Жұмысы өте ауыр», – дейді жары.
Ал, 2014 жылы Сейфуллин мен Райымбек даңғылында ыстық су жарылып, адамдарға атқылаған еді. Ойыққа атобус түсіп кетті. Осы кезде полицей Руслан Нұрғожаев бір адамды құтқарып, өлімнен арашалап қалды.
«Біз барғанда бір адам қатты айқайлап жатты. Оны ести сала, жүгіріп бардым. Жас жігіт ыстық судан шыға алмай тұр екен. Төменге секіріп түсіп оған көмектестім. Тіпті ойланып үлгермедім», – дейді ол.
Жігітті құтқармақ болған полиейдің екі аяғы да күйіп қалды. Бірнеше ай емханада жатты.
Бүгінде сол көше қиылысынан өткенде ерекше толғаныспен еске алады.
Жақында Алматы тұрғындары ерлік жасаған полицейлерді билбордтар арқылы танитын болады. Батыр полицейлердің ерлігін ел білуі тиіс.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |