Атышулы Төреғали Төреәлі өз өмірі туралы кино түсірмек

NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Төреғали Төреәлі елді таңғалдырмақ ниетте. Айтуынша, ол өз өмірі туралы кино түсірмек.

Төреғали соңғы уақытта басынан өткен келеңсіз оқиғалардан соң, өз өмірін бейнелейтін кино түсіруді қолға алмақ. Айтуынша фильмнің сценарийі толықтай әншінің жеке өміріне қатысты болмақ.

Сонымен қатар әнші бүгінгі шоу бизнестегі бәсекелестік туралы да сөз қозғады.

«Бақталастық барлық кезде болады. Дегенмен өзі аз ғана әншіні бөліп жарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Талант көптік етпейді. Мені көбінесе Ернар Айдармен, Қайратпен салыстырып жатады. Мен сол кезде Қайраттан ұялып кетемін. Негізі салыстырмау керек сияқты», - деді.

Әнші қазір нәпсісімен күресіп жүргенін де жасырмады. Ол соңғы күндері ұйқыны азайта алмай жүрген көрінеді.

Өзін еңбекқор әншілердің қатарынан көрмейтін Төреш барынша ашылды:

«Өнер алды қызыл тіл дегендей, біздің шығармашылығымыз сөзге тікелей қатысты. Біз сөзбен жұмыс істейміз. Кейде сөзден қателесеміз. Менің басқа әншілерден ерекшелігім – кемшілігімде болып тұр ғой. Мен эмоцияға беріліп кете беремін. Дегенмен ер жігітке мінез керек сияқты деп ойлаймын өзім», - деп сөзін аяқтады.

ҚОҒАМ 19 маусым 2018 г. 752 0