« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы Үкіметтің бюджетті жоспарлаудағы кемшілігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкіметтің және Есеп комитетінің 2017 жыл бойынша есептерін қолдай отырып, Үкіметтің назарын осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан төмендегі мәселелерге аударғым келеді. Бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін жақсарту мақсатында қаржы жылының соңында бюджетті нақтылау, орын алған проблеманы шешудің жолы емес. Дүниежүзілік озық тәжірибеге сүйенсек, бюджеттік жоспарлау тиісті макроэкономикалық жағдайды құруға ықпал ету, алға қойылған перспектива мен қолда бар ресурстарды түгендеу үшін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты мақсатын тұжырымдаудан басталуы тиіс», - деді депутат.
Оның айтуынша, біздің мемлекетте де бюджетті осылай жоспарлаудың толық негізі қаланған. Макроэкономикалық жағдай, ұзақмерзімді бюджет және осыларды қамтамасыз ететін ұлттық-құқықтық нормативтік базалар болып қалыптасқан.
«Ал осыған қарамастан Үкімет ел дамуының әлеуметтік-экономикалық болжамының өзгеруі себепті бір жылдың ішінде республикалық бюджет параметрлерін үш рет нақтылауға ұсынады. Мұның сыртында Үкімет өз құзыретінде бір жылдың ішінде бюджетке 20-дан астам түзету енгізу тәжірибесін қолданып жүр. Қорытындысында республикалық бюджет әрі кіріс әрі шығыс бөліктері бойынша басқа параметрлермен атқарылады. Осының нәтижесінде бізде кіріс бөлігі қысқару жағына қарай ауытқумен, ал шығыс бөлігі елеулі игерілмеген қаражат қалдықтарымен атқарылуы заңдылыққа айналды», деді сенатор.
Демек, Мұрат Бақтиярұлының пайымынша, республикалық бюджет жүйесінің барынша орталықтандырылуы, нысаналы трансферттердің көптігі, оларды жоспарлаудың күрделілігі, бөлінген қаржының түпкі пайдаланушыға жеткізу тетіктерінің жетілмеуі, бағдарлама әкішіліктері мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы жауапкершіліктің жетіспеушілігі, аймақтардың шешім қабылдаудағы дербестігінің төмендігі бюджет қаражатын тиімді пайдалануда кері әсерін тигізуде.
«Салынған қаржы халықтың игілігіне жұмыс істеп, тиімді пайдаланылып жатыр ма? Бюджеттік шығыстардың қандай қайтарымы бар? Бөлінген қаржы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарта алды ма? Біз мұны жеткілікті білмейміз. Өйткені, біз күткендей нәтиже аз. Сапа бағасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің әдістемесі мен өлшемі әлі жасалмаған. Бюджеттік болжау цифрлармен көрсетілген мемлекеттің саясаты. Сондықтан да жоспарлау сапасын арттыру және басқару мәселелері бірінші кезекте шешілуі керек», - деді ол.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |