Шымкенттегі ерте піскен қауын-қарбыздарда нитраттың біршама артық екені анықталды

Шымкент базарларында сатыла бастаған қауын-қарбыздардың құрамында нитраттың шамадан тыс артық екендігі анықталды деп хабарлайды otyrar.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерте піскен қауын-қарбыздардың қайдан әкелінгенін сұрап, сатып алғысы келетіндер аз емес. Сауда орындарында пайда болған бақша өнімдерін арнайы зертханада тексеріп те жатыр.

«Жібек жолы» көтерме сауда базарында қауын-қарбыз тиелген біршама жүк көліктері тұр. Ерте піскен бақша өнімдері Жетісайдан Шымкентке жеткізілген. Біразы Солтүстік өңірге де тасымалданады екен.

"Бақша өнімдерінің нитратын өлшейтін қондырғы оның нормадын біршама артық екенін көрсеткен. Адам ағзасына айтарлықтай зиян емес дегенімен, көп жеуге болмайды", - деп кеңес берді сауда орнындағы арнайы зертханадағы санитар мамандар.

ОҚО-ның дихандары базарларға өнімдерін кештеу әкелген. Оның себебі - ауа райының салқындығы. Саудагерлердің айтуынша, биыл қауын-қарбыздың бағасы алдыңғы жылға қарағанда арзан.

ҚОҒАМ 13 маусым 2018 г. 739 0