2018 жылдың сәуір айында нарықта маңызды өзгерістер орын алды. Банктер және шағын несие ұйымдары несиені толығымен онлайн тарата бастады. Нарықтың кей ойыншылары бұрын да осындай қызмет түрі бар екенін айтып жүретін, алайда бұл жартылай ғана шындыққа жанасатын.
Шын мәнінде бүгінгі күнге дейін банктер интернет арқылы тек өтінім ғана жинайтын. Бірақ ақша беру үшін оларға сол өтінім иесінің қолтаңбасы керек еді. Олар қол қойдыру үшін клиенттерді кеңсеге шақыратын немесе құжаттарды жеткізу үшін курьердің қызметін пайдаланатын. Қарыз немесе кредитті беру мерзімі үш күн уақытты алып, тіпті кей жағдайда бір аптаға дейін созылатын: одан да дәстүрлі түрде несие алу әлдеқайда жеңіл болып көрінуші еді.
Алайда ағымдағы жылдың сәуірінде бірінші рет электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) технологиясы арқылы несие берілді. Бұл – осы саладағы аса маңызды оқиға. Шынын айтқанда, өткен айда аймақтық және федералдық деңгейдегі шенеуніктер жиі айтатын нағыз цифрлық революция орын алды деуге болады.
Клиенттер бірінші рет 15 минуттың ішінде несие алды. Оның үстіне, бұрын ешқашан қолжетімді болмаған қаржы құралдары енді барлығына қолжетімді болды. Қазақстанның кей аймақтары шалғайда орналасқандықтан және халық аз қоныстанғандықтан қаржы институттарынан толықтай қол үзген еді. Сол үшін оларға қызмет көрсету банктерге тиімсіз болатын. Қазақстанның аймақтарында қаржы инфрақұрылымы жетіспейді: банктер әлі күнге дейін аймақтағы бөлімшелерін қысқартуда, құжатты қол қоюға апаратын курьерлік қызметтер шағын қалалар мен ауылдарда мүлде жұмыс істемейді десе де болады.
Біршама ірі қалалардағы халықтың бір бөлігі курьердің көмегімен қызметтерді қашықтықтан ала алатын, бірақ мұнда да бірқатар қиындықтар бар еді. Курьерлер кешкісін жұмыс істемейді, олардың ел қатарлы демалыс және мереке күндері бар. Біз Solva-да одан басқа да қиындықтармен бетпе-бет келгенбіз, атап айтқанда курьерлер халықты, олардың мекен-жайын жиі шатастыратын, қолтаңбаны құжаттың мүлде басқа тұсына қойдырып әкелетін, құжаттарды жоғалтып алатын, тағысын-тағылар. Сервисті жеңілдетуге тиіс қызмет түрі керісінше оны одан сайын қиындатып жіберді. Бизнестің басты талаптарының бірі – жұмыс процесінен адами факторды алып тастауға мүмкіндік бар болса, оны алып тастау керек. Тағы бір ереже – егер арадағы делдалдардың тізбегін қысқартуға болатын болса, көп созба, қысқарт.
ЭЦҚ технологиясы Қазақстанда пайда болғалы бірнеше жыл өтсе де, ол несие бизнесінде көп қолданылмайтын: банктер мен МҚҰ аталмыш технологияны енгізуге асықпады (көпшілігі оны қымбатсынатын, ал кейбіреулердің технологиялық құзіреті жеткіліксіз болды). Оның үстіне бүкіл операцияларды жүргізетін ірі-ірі коммерциялық алаңдар болмады. Енді ондай инфрақұрылым бар.
ЭЦҚ технологиясы және қарыз бен несиені онлайн тарату қаржылық қолжетімділікті ұлғайтып қана қоймай, халықтың қаржылық және технологиялық сауатын арттырады. Клиенттер ЭЦҚ-ны алу және қолдану процесінде технологиялармен танысып, басқа өнімдермен немесе қызметтермен арақатынас жасаған кезде көмегі тиетін дағдыларды меңгереді.
Бүгінгі таңда бес миллионнан астам Қазақстан азаматтарының электронды қолтаңбасы бар. Таяу келешекте олардың саны екі есе көбейеді. Бұл халықтың барлығына ақшаны қашықтықтан алу тиімді, ерте ме, кеш пе, олар банктің жылма-жыл азайып келе жатқан кеңселеріне және бөлімшелеріне жүгіруден бас тартады.
Офлайннан онлайнға толыққанды көшуге дәл қазір өте қолайлы кезең. Қазақстан елдің үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Оның негізі – цифрландыру екенін жақсы білесіздер. 2025 жылға қарай еліміз цифрлық бәсекелестіктің халықаралық рэнкингінде 30-ыншы орынға жайғасуға тиіс. Бизнес бұл процеске әзірге тек шектеулі түрде қатысуда, бірақ ең консервативті компаниялардың өзіне жаңа заманға бейімделуге тура келеді. Қаржы секторындағы бәсекеде халыққа сапалы және қолайлы қызмет көрсете алғандар ғана жеңеді. Яғни қаржылық және технологиялық нарықтардың түйіскен тұсында жұмыс тәжірибесі бар компаниялар ұтады. Ал уақытында бейімделе алмағандар сөзсіз жеңіледі. Артық айтқаным емес, бірақ олар қазірдің өзінде жеңіліп жатыр.
Алина Дзоекаева,
Solva басқарушы директоры
solva.kz
(ҚР Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалынан 17.04.2017 жылы берілген
микроқаржы ұйымдарының тіркеу тізілімінде реестр №05.17.006)