Екінші Эйнштейн атанған бір жарым жасар бүлдіршін туралы не білеміз?

АҚШ-тың Иллинойс штатында Тейлор Макгоуэн атты бүлдіршін сирек кездесетін генетикалық мутациямен туылған. Оның шашы таралмайды және ешқашан жатпайды екен. Тіпті оны қысқарту да мүмкін емес дейді. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бір жарым жасар Тейлор Макгоуэн сияқты сәбилер бар әлемде жүзге жуық қана кездеседі. Ата-анасы қанша талпынғанымен, қыздың ақ шаштары төбеге қарап, мүлдем жатпайды екен.

"Біз қайда барсақ та, адамдар қызымның шашынан көз айырмай қалады. Кей бірі тіпті, "қызыңыз тоққа түсіп қалмады ма" деп мысқылдайды.

Сәбиіміздің шашын жатқызу үшін түрлі майлар менсусабындарды қолданып көрдік. Еш нәтиже жоқ. Тейлор өзінің шашын ұстағанды, оны жатқызғанды ұнатпайды. Сондықтан осықалпын қабылдап, Альберт Эйнштейн сияқты киіндіріп алдық", - дейді қыздың анасы.

Айта кетейік, Тейлор туылғанда оның бір тал шашы болмаған. Бес ай өткен соң ол өзгеше болып өсіп, ақ ұлпаға ұқсаған екен.

ҚОҒАМ 29 мамыр 2018 г. 591 0