66597 әскери бөлімінде Маңғыстау өңірінен келген жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
Шараға Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Қ.Рахматулин, Қызылорда гарнизонын қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет майоры Н.Сейдуалиев, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболов, әскери бөлім командирі майор Е.Әбдірайым және әскери қызметшілер мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Қарт Каспийден Сыр өңіріне алғаш келген қонақтардың қуаныштарында шек жоқ.
Жас сарбаздардың бір ай бойы әскери өмір заңдарына мінезі мен тәртібінің машықтанғанына, нағыз ержігіттік қасиеттерді бойына сіңіре білгендеріне, аналық жүрекпен ризамыз. Әскери бөлімнің тазалығы мен әскери қызметшілердің құрмет көрсеткендеріне ілтипаттылығымызды білдіреміз − деді бір топ ата-ана.
Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Қ.Рахматулинде, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. «Алдымен ҚР Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен насихаттай отырып, айбыны асқақ, рухы биік қазақ әскерінің қарыштап дамуына үлестеріңізді қосуларыңызға тілектеспін,» − деген лебізін білдірді.
Шара соңында, ант қабылдаған жас сарбаздар сапта жүру тәртібі мен жауынгерлік қойылым көрсетті. Алдағы уақытта отан қорғаушы жиырма сарбаз 1 жыл бойы әскери қызметтің қыр-сырын үйренетін болады.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі