Әрине, тұмауды жұқтырған жағдайда бірден дәрігерге жүгінесіз, ол тұмаудан емделу жолдарын тағайындай отырып, емдеу жүргізеді. Ал, жүкті әйелдерді тұмаудан емдеудің өз ерекшелігі бар. Өйткені, тұмауға қарсы қолданылатын көптеген дәрілік препараттардың қарсы көрсетілімдері бар, яғни қолдануға болмайды. Оларға аспирин, белгілі жөтелге қарсы және қан тамырын тарылтатын құралдар және кейбір вирусқа қарсы препараттар жатады. Сондықтан, жүкті әйелдерді тұмаудан емдеу кезінде халықтық емдеу жолдарына көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, сұйықты көптеп ішу қажет, өйткені су ағзадан вирусты шығаруға көмектеседі. Сұйық ішкенде де, құрамында С дәрумені бар және қышқылтым су ішу қажет, оларға: морс, таңқурай, лимон немесе бал қосылған ыстық шай, итмұрыннан жасалған сусындар жатады. Дене қызуын түсіретін препараттардан жүктілерге парацетамол дәрісін қабылдауға рұқсат етіледі.
Жөтелден дәрігер жүктілік кезінде рұқсат етілетін жөтелге қарсы дәрілер мен кеуде жиынтықтарын тағайындайды. Сондай-ақ, түймедақ, календула, жалбыз, эвкалипт, зверобой, багульник, қарағай шөптерімен булау аса тиімді. Тұмау кезінде антибиотиктер тіпті, жүкті емес адамдарға да тағайындалмайды.
Орынкүл АТАБАЕВА,
облыстық перинаталдық орталықтың мейірбикесі.