Рухани жаңғырудың басты құндылығы

Кеше М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде облыстық «Латын графикасы: маңыздылығы, үйренудің тиімді жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараның мақсаты – латын графикасының маңыздылығын, тиімділігін жастарға түсіндіре отырып, жаңа әліпбиге көшу кезеңдері мен халықтың оны меңгеруіндегі туындайтын мәселелер, кирилл әліпбиімен жарық көрген әдеби мұраларымыздың жай-күйі туралы пайымды пікірлерді ортаға салу, ой тоғыстыру, жан-жақты зерделеу.
Колледждің 1-қабатында латын әліпбиіне байланысты кітаптар мен баспасөз материалдарынан көрме дайындалды.
Дөңгелек үстелді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов жүргізді. Дөңгелек үстелге университет ғалымдары, журналистер, тіл саласының ардагер-ұстаздары, мектеп және колледждердің латын графикасына қызығушылық танытып жүрген белді оқытушылары, қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары мен студент жастар қатысып, латын әліпбиіне қатысты тың пікірлерін ортаға салды, ақпарат алмасып, ой бөлісті.
ҚОҒАМ 23 мамыр 2018 г. 677 0