ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІГІ ИННОВАЦИЯ ҰЙЫТҚЫСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміз экономикасының индустриалды-инновациялық даму мәселесіне үлкен мән беріп отыр. Бұдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның шикізаттық экономикадан инновациялық экономикаға табанды өтуі туралы сөз қозғалған болатын. 
Президент әрдайым индустриалды дамумен, ұдайы инновация іздеп, оны ендіретін, креативті бизнесмендер класын құрумен байланысқан белсендірек инновациялық саясат қажеттігіне көңіл аударып, ерекше мән береді. Нұрсұлтан Әбішұлының, бұдан бірнеше жыл алдын айтылған, инновация – бұл еңбек өнімділігін едәуір жоғарылатады деген тезисі ҚР Үкіметінің, өнеркәсіптік саясат инновациялықпен тығыз байланысқан Үдемелі индустриализациялау бағдарламасын құрастыру кезінде негіз болды. 
Соңғы жылдары Қазақстанда нәтижелі инновациялық инфрақұрылым құрылуда. Бүгінгі таңда Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шегінде Қазақстанда 8 технобақ, 4 конструкторлық бюро, 5 аймақтық коммерциализациялау кеңселері, 2 халықаралық технологияларды трансферттеу орталықтары ашылды. 
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық технобағы» ЖШС республикадағы ұлттық инновациялық жүйемен құрылған элементтерінің бірі болып табылады. Біздің Технобақ Қызылордалық инноваторлармен тығыз байланыста жұмыс атқарады, өйткені бұл облыста Технобақ жоқ.
Технобақтың негізгі миссиясы – аймақта бәсекеге қабілетті инновация қалыптастырып, оның негізінде бизнес дамуы үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру. 
Біздің міндетіміз – инновациялық өнімнің жасаушыларына коммерциялық қолдануға дейін көмектесу. Көп жағдайда, жаңа технологиялардың «бастаушылары», экономикалық, заңдық білімдерінің жеткіліксіздігінен өзінің инновациялық идеясының болашағын айқын елестете алмайды. Ал, оны жүзеге асыру үшін потенциалды инвесторларды іздеу, тіптен үлкен мәселе болып табылады. Міне, осы жерде жәрдемге біздің қызметкерлер келеді. Біз жобалардың нәтижелілігін бағалап, олар туралы әртүрлі ақпарат көздерінде жариялап, берілгендер қорында тіркейміз, сыртқы қаржылау алу үшін құжаттардың толық кешенін қалыптастыруға ықпал жасап, жобалардың жылжуын қамтамасыз етеміз.
Инновациялық жасалымдарды жылжытудың негізгі құралы болып бұл жерде Технологиялық Бизнес-Инкубациялау бағдарламасы (ТБИ) табылады. Бағдарламаға бастауыш кәсіпкерлер, сондай-ақ қаржылық қолдау қажет ететін инноваторлар қатыса алады. Технобақ ТБИ бағдарламасы шегінде республикалық бюджет есебінен бухгалтерлік есеп жүргізу, заңгерлік, экономикалық, маркетингтік, ақпараттық және кеңестік қызмет, жобалық менеджмент, бизнес-жоспар жасау, жобалық техникалық құжаттамалар, қажетті байланыстар іздеу, орналасу жайларын ұсыну және көптеген басқа да қызметтер ұсынады. Сондай-ақ, компаниялар мен инноваторларға патенттеуге, сынақ пен апробация жүргізуге, сертификаттауда, лицензиялауда, және басқа да инновациялық жобаларды инкубациялаумен байланысты қызметтерде көмек көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, Технобақ менеджер қызметін атқарады, және де қолдау мүлде қайтарымсыз – бір жобаны қолдауға 1 жылда 14 млн. теңгеге дейін бөлінеді. Егер жүзеге асыру мерзімі 2 жыл болса, онда 28 млн. теңгеге жуықтайды. 
Өтінім беруші бұдан алдын Қазақстанда қолданбаған инновациялық идея ұсынып, оның жасалымы өндірістік потенциалға ие екенін дәлелдеуі қажет. Сондай-ақ, шығарылатын өнімнің лабораториялық зерттеулерінің нәтижелері мен эксперименталды үлгісін ұсыну қажет. Ал, егер, оған тапсырыс беруші де болатын болса, онда автордың идеясы тез арада қолдауға ие болады. 
Бұл бір жағынан әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне, атап айтқанда, жұмыспен қамту саласында және кедейшілікпен күресуге түрткі болса, екінші жағынан мемлекеттің экономикалық өсуінің тұрақты қарқынына қол жетіледі. 
2010 жыл. Президентпен қол қойылған жаңа индустриялизациялау мемлекеттік бағдарламасы еліміз экономикасының инновациялық құрылымын дамытуға көзделген. Оңтүстік Қазақтан және Қызылорда облыстарында инновация бойынша бірегей оператор болып Технобақ табылды.
Қазір Технобақ инноваторларды қолдаудың толық құралымен иелік етеді – идеядан бастап өндірісті кеңейтуге дейін. 2010 жылы Технобаққа 10 өтінім қабылданып, оның ішінде 4 өтінім қолдауға ие болды. Ал, одан кейінгі жылы 54 өтінімнен 5 жоба қолдауға ие болды, оның ішінде біреуі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалым-инноваторларымен (Танжариков П.А., т.ғ.к., Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Мұнай газ ісі» кафедрасының профессоры, Удербаев С.С., т.ғ.д, Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Тіршілік қауіпсіздігі және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» кафедрасының меңгерушісі, академиялық профессор және Жумагулов Т.Ж., т.ғ.к., Қорқыт ата атындағы «Мұнай газ ісі» кафедрасының аға оқытушысы) ұсынылған. «Қызылорда облысының асфальт шайырлы парафинді мұнай кендерінің қалдықтарын қолданумен отын брикеттерін шығару» жобасына сәйкес құрылған отын брикеттерін шығару бойынша шағын цех Келісім-шарт негізінде «Экосервис» ғылыми-техникалық орталығы» ҚҚ-на жалға берілді. 
Өткен жылы 19 жоба технологиялық бизнес-инкубациялау қызметін көрсетуге қабылданып, қарастырылды, олар сараптамаға жіберіліп, сараптамалық кеңестің қарастыруынан кейін 1 жоба қаржылануға іріктеліп алынды. 
Биыл сыртқы сараптама мен «ТДҰА» АҚ-ның сараптамамен қамтамасыз ету орталығының қорытынды нәтижесі бойынша 10 өтінімнің ішінде 6 өтінім оң баға алып, Сараптамалық кеңестің қарастыруынан кейін 2 жоба (Тоқыма өндірісінің қалдықтарын қосумен мақта қоспаларынан медициналық дәке өндірісі, Уранқұрамдас шикізат пен уранқұрамдас қалдықтарды бейреагентсіз өңдеу технологиясы) ТБИ қызметін көрсетуге іріктеліп алынды.  
Осы мақсаттарға республикалық қаражаттан 78 млн. 246 мың 43 теңге бөлінді. 
ТБИ бағдарламасына қатысу үшін биылғы жылдың 18 маусым мен 18 қыркүйегі аралығында екінші және үшінші кезеңдер бойынша сәйкесінше 1 және 13 өтінім жіберілді (Қосанов С.О., а-ш.ғ.д., Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Агробиологиялық және қолданбалы зерттемелер» ғылыми орталығының директоры).
Биылғы жылдың 9-13 қыркүйегі аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың екі қызметкері (Бекетова Қ.Н. Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталығының» директоры, Тажиева З.Д. Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталығының» ғылыми қызметкері) Технобақ негізінде өткізілген инновациялық жобаларды басқару сапасын жоғарылату бойынша 40-сағаттық семинарға қатысып, халықаралық сертификат алды.  
Алдағы 8 қазанда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да индустриалды-инновациялық әрекеттердің субъектілерін индустриалды-инновациялық әрекеттерді мемлекеттік қолдау құралдары, инновациялық белсенділікті жоғарылатуға және аймақтық инновациялық жүйені дамытуға ықпал ететін басқа да мәселелерді талқылау бойынша бір күндік семинар-кеңес өткізілу жоспарлануда. Аталған семинарға кез келген индустриалды-инновациялық әрекеттердің субъектілері қатыса алады. 
Технобақтың әрі қарайғы сәтті әрекеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында бар ғылыми-техникалық әлеуетін, қаржылық және еңбек ресурстарын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. 
Технобақтың бар әрекеті кіші кәсіпкерлікке бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті оперативті көмек көрсете алатын интеграцияланған және тұрақты құрылымды дамытуға бағытталған. 
Әліхан САУРАН, 
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық технобағы» ЖШС бас директоры. 


ҚОҒАМ 01 қазан 2013 г. 1 812 0