Парақорлықты заң да, дін де құптамайды

«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ниязов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің наиб имамы Б.Ұлжаев, православтық шіркеудің өкілі В.Перехватов, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен студенттер қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Агенттіктің аумақтық департаменті басшысының орынбасары Б. Байхожаев іс-шараның мақсаты мен міндеттері, аталмыш департамент тарапынан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамның түрлі әлеуметтік топтарын тарту қажеттігі туралы айтып өтті.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін орталығының мамандары дінаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын жүзеге асыру бойынша орталықтың қызметіне тоқталды.
Дөңгелек үстелге қатысқан дін өкілдері парақорлықты дін де, заң да құптамайтындығын айтып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихат жұмысын жүргізетінін жеткізді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар бастаманың уақтылы көтеріліп отырғандығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастықты арттыру бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.
ҚОҒАМ 16 мамыр 2018 г. 590 0