Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде орналасқан "Жалын" тынығу лагері мектеп оқушыларының жазғы маусымдағы демалысын ұйымдастыруға дайын.
1988 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан лагерьде биылғы жылы 8 тәрбиеші және «Ұлағат Ұландары» жастар бірлестігінен 3 маман түрлі бағытта мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөлімінен бөлінген инспектор балалар тыныштығын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсе, аудандық емхана есебінен бөлінген дәрігер мен тіс дәрігері тәулік бойы қызмет жасайды.
Жалпы, аудан оқушыларының жазғы демалысы 5 бағытта ұйымдастырылады. Атап айтқанда, мектеп жанындағы лагерлерде, "Жалын" тынығу лагерінде, облыс көлеміндегі және облыстан тыс лагерлерде демалыстар, саяхаттар ұйымдастыру және аула клубтарын ұйымдастыру.
Оның ішінде, «Жалын» тынығу лагерінде 7 ауысымда (әр ауысымда 130 баладан) 910 бала демалады деп жоспарлануда. Міндетті оқу қорынан 550 бала 8800,0 мың теңгеге «Жалын» тынығу лагерінде демалатын болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.