Елімізде бала емізуден жерінген аналар көбейіп барады

Қазақстанда 6 айлық жасқа дейінгі сәбилердің шамамен 40 пайызы тек қана емшек сүтін емеді. Мұндай дерек «ЮНИСЕФ» балалар қорының сараптамалық деректерінде келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Қор деректеріне қарағанда, ана сүті сәбидің ақыл-ойының дұрыс дамуына септігін тигізіп, өлім-жітімге әкелетін аурулардан қорғайтындығына қарамастан дамыған елдерде сәбилердің 22 пайызға жуығы ғана емшек сүтін емеді. Ал дамушы және кедей елдердегі бұл көрсеткіш не бәрі 4 пайызға ғана жетеді.
«2006 жылдан бастап Қазақстанда 6 айлық жасқа дейінгі балалардың тек қана емшек сүтін ему көрсеткіші 16,8 пайыдан 2015 жылы 37,8 пайызға ұлғайды. Қазақстанда 6 айлық балалардың тек емшек сүтін емуі ауылға қарағанда қалалық жерлерде кеңінен (29,2 және сәйкесінше 34,4 пайыз) таралған. Емшек сүтін еметін 1 жастағы және одан жоғары жастағы балалардың пайыздық қатынасы ауылдық жерлерге қарағанда, қалада біршама жоғары», - делінген таратылған ақпаратта.
Қазақстанда 2015 жылы сәби дүниеге келген алғашқы сағатта шарананы кеудесіне жатқызатын әйелдер 83,3 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш 2006 жылы 64,2 ал 2011 жылы 67,8 пайызға жеткен. Сонымен қатар, қор сәби емшектен емізу көрсеткішіне түрлі факторлардың әсер ететіндігін атап өткен. Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина қызметкерлері тарапынан аналар мен жүкті әйелдерге сауатты түрде кеңес жүргізу шаралары жеткіліксіз. Бұған қоса, фармацевтикалық компаниялар тарапынан жасанды қоспаларды насихаттау да емшекпен емізуге кедергі болып отыр.  
ҚОҒАМ 10 мамыр 2018 г. 633 0