ЖАС ТҰЛҒА ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ

2020 жылға дейінгі қазақстандық білім берудің жаңаруы  білім беру саясатының жүзеге асырылуын көздейді. Ол өз кезегінде үздіксіз кәсіби білім берудің қазіргі жүйесінің дамуын, білім беру сапасын арттыруды, жалпы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуді, білім беру саласының инвестициялық тартымдылығын жақсартады. 
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздің ақпараттық қоғамға толық енуін қамтамасыз етеді, Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі беталысын бекіте түседі. 
Жалпы  оқытудағы  негізгі проблема оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және  оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Сабақ – оқытудың барлық кезеңінде оқытушы мен тіл үйренушінің бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі. Оқушыларды пәнге қызықтыру арқылы сабаққа ынтасын арттырып, оны бірте-бірте тұрақтандырып, қалыптастыру қажет.
Қазіргі заманғы техникалық тізбекті  технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастырылуда. Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орында баланың білім-білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогиканың ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу. 
Қазақстанның қоғамдағы түбірлі   өзгерістеріне сай үздіксіз білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда. Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен  әрекет етуге және  әрекеттің шешімін таба білуге қабілетті барлық істе сауатты, іскер тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Ал осы мәселелерді шешуге  бастауышта  білім  беру, оқытудың және әлемдік тәжірибеде қалыптасып өз қызметін жаңаша атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі  құрылымын, жобасын жүзеге асыруда қолданылатын педогогикалық технологиялар  арқылы жету көзделеді.
Қазіргі Қазақстан білім саласындағы жаңа өзгерістерді, әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып,  баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа педагогикалық іздену және оларды қолдануға бағытталған жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің сапасы үнемі өсіп отыруына сәйкес,  педагогикалық құралдарды да  тұрақты жаңарту қажет деп есептейді. Бүгіндері мұндай жаңарту  педагогикалық ғылым мен  мектеп тәжірибесінің үздіксіз сабақтастығы  арқылы көрінуде. Мұнда педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытуда педагогикалық жағдайларды оқу-тәрбиені үздіксіз алдын ала жобалау жолына ауыстыру, оларды күнделікті сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің құрылымы мен мазмұнын ашатындай оқу-тәрбие үрдісінің жобасы жасалынды. Әр оқушы өзінің деңгейіне, білім дәрежесіне байланысты тапсырмалар орындай отырып, әлсіздер білім алуға ұмтыла түссе, мықтылардың өзіне тән деген сенімділіктері арта түсті. Нәтижесінде жан-жақты шығармашылық іс-әрекеті бар тұлға болып қалыптаса алады. 
Дана ДӘЛИЕВА,
Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің оқытушысы.

ҚОҒАМ 29 наурыз 2014 г. 1 462 0