Электронды үкімет арқылы көрсетілетін қызмет

"Азаматтарға арналған үкімет" мемелекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" қызметкерлері бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары мен студенттеріне дəріс оқып, практикалық сабақтар жүргізіп жатыр.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған шара облыстық əкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен үшжақты меморандум аясында жүзеге асуда.
Жергілікті тұрғындарға электронды үкімет арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған қысқамерзімді оқыту курстары 2500 адамды қамтымақ.
ҚОҒАМ 03 мамыр 2018 г. 634 0