« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ресейлік «Жеңіс – барлығымызға біреу!» медиаэкспедициясы Сыр еліне табан тіреді. Экспедиция осы жылдың 17 сәуір күні Ресейдің Нижневартовск қаласынан бастау алған болатын. Дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан шара биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр.
Экспедиция құрамындағы Ресейдің округтік жастар парламентінің мүшелері 5 «ГАЗ-20» және «Победа» көліктерінен құралған кортежбен алдымен Ресейдің бірнеше қалаларын аралады. Одан әрі Қазақстан шекарасына өтіп, сәуірдің 20-на Петропавл қаласында болды. Бұл сапар еліміздің өзге де қалаларында жалғасын тауып, ондағы соғыс, тыл ардагерлерімен және олардың балаларымен кездесті. Мәңгілік алау ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, жергілікті жастармен жүздесіп, пікірлесті.
Аталған автошеру Қызылорда қаласына да табан тіреп, алдымен орталықта орналасқан «Тағзым» алаңында болды. Онда орналасқан «Мәңгілік алау» мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қойып тағзым етті. Мұнан кейін қонақтар «Достық» үйінде Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесті. Онда экспедиция құрамы мұражаймен, түрлі ұлт өкілдері орталығының жұмысымен танысып шықты. Жиынды қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов ашып, «Жеңіс – барлығымызға біреу!» медиаэкспедицияның негізгі мақсаты жайында кеңінен айтып өтті. Ал экспедиция жетекшісі Николай Заболотнев қазақ халқының қонақжайлылығын ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Сонымен бірге Ұлы Жеңіс мейрамының қазақ жерінде айрықша тойланып жатқанын айтып, жоғары деңгейде өткен шаралардың біршамасына қатысқандарын да тілге тиек етті. Соғыс және тыл ардагерлеріне деген құрметтің жоғары екенін де атады.
Экспедиция мамырдың 9-ы күні, яғни Ұлы Жеңіс күні елдеріне жетіп, медиаэкспедицияны қорытындыламақ.
– Барша қызылордалықтарды Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұған дейін біз Қазақстанның бірнеше қалаларында болдық. Жақсы әсер алдық. Тұрғындар бізді жылы шыраймен қарсы алды. Олардың жылы сөздері бізге үлкен қуаныш сыйлады. Тіпті сый-сияпат жасап жатты. Бастысы, біз жастар Отан үшін ерлік жасаған батырларымызды ұмытпай, оларға құрметпен қарағанымыз жөн. Олардың қайсарлығы жайлы айтудың өзі зор мақтаныш. Сол жандардың еңбегінің нәтижесінде бейбіт күн кешудеміз. Майдангерлеріміздің ерліктері мен маңдай терінің, жеңіске деген жігерлігінің арқасында ортақ жеңіске жетіп отырмыз,-деді Николай Заболотнев.
Айта кетерлігі, халықаралық медиаэкспедиция Ресей, Қазақстаннан өзге Қырғыстан, Өзбекстан елдерінде де жалғасын тапқан. Олар осы сапарлары аясында ТМД елдерінде соғысқа қатысқан көптеген ардагерлер жайлы мағлұматтар, құнды деректер жинап жүргендерін де айтты. Соғыс тұсындағы халықтың ауыр тіршілігі, кәсіпорындар, емханалар мен балалар үйі туралы зерттеулер жүргізуде. Осының негізінде экспедиция кино түсіруді де жоспарлап отыр.
Жиынға қатысқан соғыс және тыл ардагерлері шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ақ баталарын берді. Қарт майдангерлер автошеру көліктерін тамашалады. Бұл «Победа» көліктері Ресейдің түрлі қалаларынан жиналған. Тіпті, әрбір машинаның аты бар. Атап айтар болсақ, «Маэстро», «Легенда», «Смуглянка», «Мурманск» деп аталады.
Сонымен бірге шара облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалғасты. Онда қонақтар Сыр елінің терең тарихы мен құнды жәдігерлерімен танысты.
Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |