"Қоғамдық кеңес" негізі тұңғыш рет Сырдарияда қалыптасты

Осыдан бес жыл бұрын облыс əкімінің қолдауымен бірлігі бекем Сырдария ауданында республика бойынша ең алғаш рет "Қоғамдық кеңестер" құрылды.
Кеңеске өмірі өнегеге толы ардақты ардагерлер, жүріп өткен жолы өзгелерге үлгі болып табылатын зейнет жасындағы аға буын өкілдері, партия мүшелері, үкіметтік емес ұйым төрағалары мен қоғам белсенділері мүше болды.
Уақыт өте келе аталған игі жұмыстың тиімділігі дəлелденіп, "Қоғамдық кеңестер" институтының қажеттілігі Елбасының "100 нақты қадам. Ұлт жоспарында" көрініс тапты.
Бүгінде Кеңес мүшелері аудандағы бірлікті нығайтуда, түрлі мəселелерді шешуде жемісті еңбек етуде.
Серпінді Сырдариядан бастау алған бастаманы қазіргі таңда барлық облыс өз тəжірибесіне енгізді.

Сырдария ауданы əкімінің баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 02 мамыр 2018 г. 602 0