Әйелдерден кейін пластикалық хирургия көмегіне ер адамдар да жүгінетін болыпты. Дәрігерлердің сөзінше, қазақстандық ерлер қатал және жастау көрінгісі келеді екен. Ер адамдардың қалай өзгергісі келетіні туралы Tengrinews.kz тілшісіне пластикалық хирургия мамандары айтып берді.
Пластикалық хирург Анастасия Цойдың сөзінше, ер адамдар мұрын пішінін өзгерту үшін (ринопластика) көп келеді. Оның айтуынша, бұл кемшілігін өзгерту қажеттілігінен гөрі тұрмыс жағдайының жақсаруына көбірек байланысты. Ерлердің көп сұрайтыны - қисық және құс мұрынды түзету. Мұндай операциялардың құны 250 мың теңгеден басталады.
Сонымен қатар, ер адамдар қабақ пішінін "еуропалық" етіп өзгертуін (блефаропластика) сұрап келеді. Дәрігер мұндай ер адамдар көбіне әйелінің өтінішімен келетін егде адамдар екенін байқаған. Кейде ер адамдарды әйелдерінің өздері ертіп келеді. Блефаропластика құны 80 мың теңгеден басталады. Ал 35-40 жастағы кей адамдар жасырақ көрінгісі келетін болып шықты. Ол үшін Биш майларын алып тастауды сұрап келеді. Мұндай операциядан кейін бет пішіні кішірейгендей болады.
Сонымен қатар, салбыраған иекті де алып тастауын сұрайтындар бар. Хирургтердің айтуынша, сүт безін алдырып тастауды сұрайтын ер адамдар да бар. Кей ерлерде сүт безінің қалыптасуы әйелдердің фенотипімен жүреді (гинекомастия). Бұл ерлер арасында көптеп таралған қиындық, сондықтан оны алып тастау бойынша сұраныс көп. Дегенмен бұл отадан кейін үрпіні қалыпан келтіру отасы жасалады. Жалпы алғанда әйелдерге қарағанда ер адамдар пластикалық хирургтерге сирек келеді. Дегенмен ондай ерлердің саны артып жатқанын айтады хирург мұхтар Қобыландин. Ал ер адамның жыныс мүшесін үлкейту мәселесіне қатысты хирург қазір ондайға сұраныс жоғын айтады. Мұндай мәселемен әзірге оған бір адам ғана келген. "Қазақстанда ерлер толыққанды, оларда бәрі дұрыс", - деп атап өтті хирург.