Тағылымдық, танымдық маңызы зор

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының нәтижесін, міне, біз бір жыл ішінде көріп отырмыз. Ұлттық аударма бюросы 100 оқулықты қазақ тіліне аудару бағытында оң қадам жасап, осы уақыт аралығында ауқымды жұмыс атқарды.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 18 оқулықтың жарыққа шығуы – сөзіміздің дәлелі. Олар экономика, философия, тарих, тіл білімі, жалпы әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтиды. Бір ерекшелігі, бұл кітаптардың барлығы ана тілімізге ағылшын тілінен тәржімаланған. Әлемдік деңгейдегі ғылымның, білімнің озық жетістіктерін меңгеру үшін оқу орындарында осындай деңгейдегі саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың еңбегін оқыту өте маңызды. Игі бастама студенттерді салыстырмалы талдау жасауға үйретіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттырады.

Одан бөлек, жоба отандық жоғары оқу орындарының өкілдеріне, ғалымдарға әлемдік деңгейдегі университеттердің жетістіктерімен, тәжірибесімен кеңінен танысуға мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұлар болашақта экономикамызды, ғылым мен білімді, мәдениетімізді өркениетке бағыттауда тағылымдық, танымдық маңызы зор құнды оқулықтар болады деп ойлаймын.

Руслан ДҮЛДҮЛ, 

Абылай хан атындағы ­колледж директоры. 

Қызылорда қаласы.

ҚОҒАМ 21 сәуір 2018 г. 576 0