«АЙБЫНДА» АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮР

Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылында дүниеге келген Қайран Жақсылық Марғұланұлы  ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің Астана қаласында орналасқан «Айбын» Президенттік полкінің» 0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін атқарып жүр. 

Қызылорда қалалық Қорғаныс ісі жөніндегі басқарма арқылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жатқан Жақсылық өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, жауынгерлік дайындық нормативтерде әрдайым қырағылық танытып, үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Ол әскери міндеттерін жауапкершілкпен атқарғаны үшін бірнеше рет марапат төрінен де көрінді.

Таяуда «Айбын»Перзиденттік полкі» 0112 әскери бөлімі Жақсылықтың жетістікке жетуіне себепші болған аудан халқына және сарбаздың ата-анасына өз алғыстарын жеткізді. Онда «жауынгеріміз Қайран Жақсылық Марғұланұлының осы қатардан табылғаны – отбасында және мектебінде, оқу орны мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі деп білеміз»-делінген.

                                                                                    Наргиза БЕКТАЙ,

                                                                             ҚМУ-дің 4 курс студенті.

ҚОҒАМ 06 сәуір 2018 г. 694 0