Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып бүгін №1 қалалық емхананың аумағына қарасты Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлеріне «Қан айналым жүйесі ауруларының алдын алу» жөнінде кең ауқымды акция өткізілді.
Халықтың денаулығын сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындар арасында ауруларды болдырмау және қауіпті факторларды ерте сатыда анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Акция барысында 63 адам тексерілуден өтті. Дәрігерлер кеңесі беріліп, артериялық қан қысымы, бой-салмақ өлшеніп, Кетле индексі анықталып, қандағы қант және холестерин мөлшері тексерілді. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелер жүргізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Индира Ахмедова,
№1 қалалық емхана СӨСҚ маманы.