Семинар-кеңес өтті

Кеше  Қызылорда облысының Әділет департаменті мен  облыстық денсаулық сақтау басқармасы және денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. 
Шарада мемлекеттік органдармен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және тіркеуге ұсыну, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін рәсімдеу, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің күшіне және қолданысқа ену, құқықтық мониторинг жүргізу тәртіптері түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Барлыбек БАТЫР.


ҚОҒАМ 30 наурыз 2018 г. 464 0