СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Астана қаласының 20 жылдығы, Сырдария ауданының 90 жылдығы жəне Бесарық ауылындағы №147 орта мектептің 70 жылдығына орай бүгін аудан əкімдігінің қолдауымен "Абай Дəулет" ЖШС-нің ұйымдастыруымен Бесарық ауылында дзюдодан облыстық деңгейде турнир өтуде.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан əкімінің орынбасары Б.Өтегенова құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сəттілік тіледі. Сонымен бірге, берекелі Бесарық ауылының дамуына өзіндік үлесін қосқан бірқатар азаматтарға аудан əкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Облыстық турнирге Алматы, Атырау, Қызылорда қаласынан жəне Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарынан спортшылар қатысуда. Жас спортшылар 15 салмақ бойынша бақ сынауда.

Сырдария ауданы əкімінің баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 28 наурыз 2018 г. 645 0