Кеңейтілген мәжіліс өтті

Бүгін Сырдария аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен аудандық білім бөлімінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан көлеміндегі мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары және ҰБТ бойынша таңдау пәні мұғалімдері қатысты.
Мәжілісте аудан әкімі білім саласына бағытталып жатқан қолдаулар туралы айтып, ҰБТ бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізу басты міндет екенін атап өтті. Сонымен бірге, білім беру саласы жаңашылдықты, біліктілікті және үздіксіз ізденуді талап ететінін жеткізді. Мәжілісте аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева "2018 жылғы мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық барысы" тақырыбында баяндама жасады. Аудан басшысы бірқатар мектеп директорларына ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты сұрақ қойып, дайындық жұмыстарын жандандыру қажеттігін тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 26 наурыз 2018 г. 584 0