ТЕАТР ҰЖЫМЫ – АУДАНДАРДА

Мына өмірдің қандай сынақ дайындап тұрғанын біліп болмайсың. Жайбарақат қалыпты әп-сәтте бір-ақ нәрсе бұзады кеп. Бұл өмір заңдылығы-ау, шамасы...
Ұлын қалаға аттандырып, артынан үлкен үмітпен қалған ата-ана. Жалғызының жан рахаты үшін жайлы өмірін тәрк етіп қалаға келгенде қандай жайтқа тап болды? Кімнің таңдауы басымырақ болып шықты? Ал сіз сырттағы балаңыздың қандай тірлікпен айналысып жүргенін білесіз бе? Бұл – Мадияр Серікбаевтың «Заман-ай» драмасының желісіне өзек болған ойлар ағымы. Ауылдағы жайбарақат көріністен қаладағы нәхар тірлікке ауысатын спектакльде жадыңызға түйетін көп дүние бар.
Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы наурыз айының алғашқы күндері аталған қойылымды Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы көрермен назарына ұсынды. Театр ұжымы жыл сайын аудан және ауылдарға барып, спектакль қоюды дәстүрге айналдырған.
Алдағы уақытта өнерпаздар ұжымы осы спектакльді Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарында сахналауды жоспарлап отыр.

Балтай ЫДЫРЫСОВА,
театрдың бөлім меңгерушісі.

ҚОҒАМ 21 наурыз 2018 г. 645 0