« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Халықтың қалың жігің, мемлекеттік сектор мен бизнестің құқықтық ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» биыл – 25 жыл.
Ширек ғасырда заң деректер базасына заманауи инновациялық әдістерді енгізе отырып, қолданыстағы ақпараттық-талдамалық жүйелерді одан әрі жетілдіріп, заман талаптарына жауап беретін жаңа құқықтық деректер базалары бар ақпараттық жүйелер құрылды. Бұл, еліміздің алғашқы ақпараттық-құқықтық қызметтер көрсететін орталықтың ұдайы заңдық және технологиялық дамуына мүмкіндік берді.
«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» еліміздің құқықтық саладағы саясатын жүзеге асыруда, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесін қорғауда қызмет көрсетіп келе жатқан ірі мемлекеттік кәсіпорын.
Яғни, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының негізінде тұтынушыларға құқықтық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында құрылды.
Содан бергі кезеңде өмірдің талабы мен қажеттілігі негізінде жаңа заңнамалар қабылданып, орталықтың атқаратын жұмыс көлемі көбейіп, мәртебесі де өсіп келеді. Кәсіпорын құқықтық ақпараттық саланың маңызды бағыттары болып танылатын «Заң» деректер базасын, ҚР нормативтік құқықтық актілер тізілімін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін, еліміздің нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін және құқықтық ақпараттар қызметін кең көлемде жүргізіп келеді.
Аталған маңызды жобалар азаматтарға құқықтық қызмет көрсетуде басты серіктес бола алады. Мәселен, «Заң» деректер базасы – Ата Заңымыздан бастап, ауыл әкімдерінің шешімдеріне дейін Қазақстан Республикасының барлық нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ, алуан түрлі анықтаманы, заң терминдерінің энциклопедиялық сөздік, қолданыстағы заңнамаға түсіндірмелерді, құжаттардың үлгілерін, сот тәжірибесін, құқықтық консультацияны және тағы басқа мәселелерді қамтитын құқықтық ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі неғұрлым толық электрондық жиынтығы болып табылады. Ресми дереккөздерден түскен мәліметтер негізінде компьютерлік технологияны пайдалана отырып, күн сайын жаңарту арқылы жинақталады. Нәтижесінде материалдың ерекше шынайылығы қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні базада қажеттілікке жарамды әрі қолжетімді 238410 толық мәтінді құжат бар. Оның 140905-і қолданыста жүр.
Нормативтік құқтық актілердің мемлекеттік тізімі – нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен осы актілер туралы басқа да қажетті ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтердің мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі. Бұл бағыттағы жұмыс 1998 жылдан бастап Үкіметтің қаулысына сәйкес атқарылып келеді. Сұраныс ұлғайып, пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында 2006 жылдан бастап тізілімнің интернет нұсқасы қызмет етуде.
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі интернет арқылы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің толық деректер қорын жалпыға бірдей, тегін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге арнайы жасалған, ҚР Әділет министрлігінің қоғамдық маңызы зор төл өнімі. Бұл жүйе компьютерлік технологиялардың орасан зор мүмкіндігін пайдаланып, әркімнің құқықтық ақпаратты еркін алу кепілдігін қамтамасыз ету жолында 2012 жылдан бері тиімді жұмыс атқарып келеді. Базада бақыланатын әрі күнделікті жаңартылып тұратын, мемлекеттік және орыс тілдерінде 226239 нормативтік құқықтық акт бар. Google Analytics мәліметіне жүгінсек, өздеріне қажетті ақпаратпен танысу мақсатында 2015 жылы – 12млн,
2016 жылы – 15,5млн, 2017 жылы 16,5млн азамат «Әділет» ақпараттық жүйесін қараған. Ал 2018 жылғы қаңтар – ақпан аралығында «Әділетті» 1 миллионнан аса пайдаланушы қолданған. Яғни, қажеттілік жылдан-жылға қарқындап өсіп келеді.
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің платформасында қалыптасатын мемлекеттік органдардың ел аймағында өткізілетін талдамалық зерттеулерінің және халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін жетілдіріп, «Заң» деректер базасының мүлдем жаңартылған түрі өндіріске енгізілуде.
Жаңа компьютерлік технологиялар пайдаланушыға қажетті ақпаратты шапшаң табуға көмектесетін «Заң» деректер базасының ыңғайлы іздестіру қабықшасын жасауға мүмкіндік берді. Іздеу жүйесі түрлі іздестіру мүмкіндіктерімен жабдықталған және ыңғайлы, мысалы, құжат мәтіндеріндегі сөз немесе сөз тіркестері; құжаттың қабылданған күні; қабылданған нөмірі немесе ҚР НҚА Мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі; классификатор; құжат түрі; ведомствоға; қолданылу аймағы; қабылданған орны арқылы іздестіруге болады. Деректер базасының сервистік мүмкіндіктері бір нормативтік құқықтық актіден гипермәтіндік сілтемелер арқылы басқасына ауысуды жүзеге асыруға жағдай туғызады. Деректер базасы түсініктемелер, сөздіктермен жабдықталған, күші жойылған құжаттар мұрағаты қалыптастырылған, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің алдыңғы редакциясы қалпына келтірілген. Пайдаланушы деректер базасының қолданыстағы болжамынан қарау барысында оның кез келген редакциясын қосу мүмкіндігіне ие.
Деректер базасының бағдарламалық іздестіру қабықшасы заңнаманың нормативтік алабынан жалпы, сонымен бірге жеке бөліктері, тақырыптар бойынша іздестіру арқылы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құжатпен жұмыс істеу барысында екі терезе тәртібімен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінді бір уақытта қарастыру мүмкіндігі бар.
Бүгінде "Заң" деректер базасының жаңа нұсқасы - бұл ауқымды құжаттардың жоғары жылдамдықпен ашылуы, алуан түрлі түс гаммасы, интерфейс тілінің бірден ауысып-қосылуымен өзгешеленеді.
Альбина Жиембаева.
ҚР ӘМ РҚАО Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |