Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі - салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Осы орайда 2018 жылдың 18 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарға дұрыс тамақтану мәдениетінің негізін қалау, дұрыс тамақтанудың негізгі принциптерімен таныстыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі» атты денсаулық сағаты ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға «Жастар» денсаулық орталығы валиологы М.Яхияева, Қызылорда облысы туберкулезге қарсы диспансер дәрігері Р.Төлеутаева, Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Б. Қарымсақова қатысып дұрыс тамақтану тиімділігі, зиянды әдеттерден аулақ болып, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, салауатты өмір сүру жолдары жайлы пікірлерімен бөлісті. Қатысушыларға дұрыс тамақтану бойынша ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.