Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру. Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатындығы айқын.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына байланысты «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты нұсқаулығы әзірленді.
Аталған нұсқалық мемлекеттік қызметшілердің қызу қолдануына ие болды. Қызметтік уақыттан тыс күнделікті өмірде де кездесетін жағдаяттарда мемлекеттік қызметшілердің әдебін айқындайтын нұсқаулық Қызылорда қаласы, Белкөл кенті әкімі аппаратының ұжымында кеңінен талқыланды.
«Біз мемлекеттік қызметшінің беделін арттыруды, халықтың сенімін нығайтуды міндет етіп, қандай да жағдай болмасын, этикалық қағиданы сақтауымыз керек»,- деп атап өтті кент әкімі А. Ибрагим.