Жылы жүрек – жомарт қол

Жылы жүрек-жомарт қол.
Мейірімділік-ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Қол  ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған – деп өлең жолдарында айтып өткендей, «Жерде бір жетім жыласа, көктегі періштенің жаны түршігеді» - деген халқымыздың қанатты сөзі бар. Қазақ халқына тән қасиеттің бірі жетімін жылатпай, мүгедегін құлатпай, қарттарын тастамай қол ұшын созу. Қайырымдылық жасау ауқатты адамның ғана істейтін ісі емес, ол әр адамның игі ісі деп есептеуіміз қажет. Осы бір тағдырдың салғанына еріксіз мойынсынған жас жеткіншіктерімізге аялы алақанның жылуын аямай, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің  асылы-жомарттық,кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанғатән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. «Қамқорлық» қайырымдылық республикалық акциясы барысында ЗК-169/4 мекемесі қызметкерлері де  өздерінің көмек қолын созды. Ауылдағы әлеуметтік тұрғыда көмек қажет ететін отбасынан шыққан мектеп оқушыларына мекеме атынан мекеме бастығының тәрбие жөнінідегі орынбасары Н.Дүйсенбаев және кадр жұмысы тобының әділет капитаны А.Уайдаев өз сыйлықтарын табыс етті.
Абай атамыздың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бар байлығымыз һәм бақытымыз-бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қайырымдылық қамқорлық акциясына алдағы уақытта тағыда көмек қолын созуға даяр екенін мекеме қызметкерлері айтып өтті.

А.Уайдаев,
ЗК-169/4 мекемесі кадр жұмысы тобының
әділет капитаны
ҚОҒАМ 13 наурыз 2018 г. 944 0