ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөнінде жаңа қағидалардың жобасын әзірлеу жұмысын жүргізуде.
Қағидалар жобасы Жоғарғы Сотқа келіп түскен адвокаттар қоғамдастығының және сот процесіне басқа да қатысушылардың көзқарастары ескеріле отырып жасалды. Қағидалардың жаңа тармақтарының бірінде соттардың ғимараттарына келетін сот процестеріне қатысушыларға жазба құрылғыларды, есептеу техникасын, мобильді құрылғыларды (смартфондар, планшеттер және т.б.), ақпарат жеткізгіштерді (флеш-карталар, USB-дискілер және т.б.) және басқа да техникалық құралдарды, оның ішінде деректерді беру, сондай-ақ халықаралық жаһандық желіге және Интернет желісіне шығу мүмкіндіктері бар сымсыз құралдарды кіргізуге рұқсат беру ұсынылған.
Осы жаңашылдықтар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сонымен қатар соттардағы «электрондық сот төрелігі» сервистерін одан әрі дамыту мен жетілдіру шеңберінде жүзеге асырылуда.
Ислам Нұрсеитов,
Қызылорда қаласының
№2 сотының аға сот жасауылы.