ҰСТАЗДАР ҮЛЕС ҚОСА БЕРЕДІ

 Елбасы биылғы Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтын он міндетті көрсетіп берді. Онда ресурстық әлеуетті дамыту, агроөнеркәсіп саласына, сондай-ақ, жастардың үш тілді меңгеруіне, цифрлық білім беру ресурстарын дамытуға аса көңіл бөлінген. Әсіресе, жетінші міндетте білім берудің жаңа сапасын даярлау мен математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек екенін баса айтты. Бұл жастарды ғылымды игеруге, жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың алғы шарттары болмақ. Сондай-ақ, сандық білім беру ресурстарын дамыту арқылы мектептерді кең жолақты интернетке қосып, оқушыларымыздың білім көкжиегін кеңейтуге жол ашылмақ. Бір қуанарлығы, мұғалімдердің мәртебесін көтеру назардан тыс қалмаған.  
Сонымен қатар, Елбасы “Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс” деген болатын. Яғни, білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы біз жаңа қоғамды қалыптастырамыз. Қалыптастырып қана қоймай, әлемдік бәсекеге қабілетті жастарды дайындаймыз.

Ұлған МОЛДАХМЕТОВА,
Т.Есетов атындағы
№264 мектеп-лицей мұғалімі.
ҚОҒАМ 26 ақпан 2018 г. 614 0