Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» атты екікүндік семинар-тренинг өтіп, оған Қызылорда облысы бойынша 9-11 сыныптардан 25 оқушы қатысты.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін тренингтің алғашқы тыңдаушылары да Сыр өңірі мен Ақтөбе облысы шәкірттері болғанын айта кетейік.
Елбасының тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамалары талқыланған шарада жастар мемлекетті дамытудың, оны жаңа деңгейге көтерудің жолдарын ортаға салды. Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар таратылды.
Динара ӘБУБӘКІРОВА,
«Дарын» облыстық қосымша
білім беру орталығының әдіскері.