РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ҚАЗАЛЫДА

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша құрылған республикалық ақпараттық топ мүшелері бүгін қазалылықтармен кездесті.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен бас қосуға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов қатысты.
Кездесу барысында ақпараттық топ Мемлекеттің басты құжаты еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде айрықша орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ олар жыл құжатындағы негізгі бағыттар Қазақстанның әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және технологиялық салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.
ҚОҒАМ 22 ақпан 2018 г. 657 0