Терроризм мен экстремизмге жол жоқ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2016-2018 жылдарға арналған «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасының жоспарына сәйкес, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін діни экстремизм мен терроризмнің деструктивтік идеологиясы теріс әсерлерінен сақтау» тақырыбында онкүндік шарасы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: әскери қызметшілерді, олардың жанұя мүшелерінің моральды-психологиялық тұрақтылығын қадағалау және құрылымды бұзатын діни экстремизм идеологиясы бойынша кеңінен ақпарат беруге бағытталады.

Аталған онкүндікте Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы дін зерттеу орталығының маманы Б. Оспановтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Бахтияр Есенкелдіұлы, жеке құрамға діни экстремизмнің алдын алу, терроризм мен діни экстремизммен күресудің жолдарын, сонымен қатар елімізге келтіретін зардаптары туралы жан-жақты талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бекітілген бейнероликтері көрсетілді.


Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

ҚОҒАМ 22 ақпан 2018 г. 1 463 0