Бүгін, яғни 2018 жылдың 19 ақпаны мен 02 наурызы аралығында «Пробация» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы басталды.
Аталған іс- шараны өткізу барысында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметімен мобильді топтар құрылып, Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған сотталғандарды мекенжайларын күшейтілген кестеге сәйкес тексерулер ұйымдастырылып, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіріп табу жұмыстары 12 күн бойы атқарылады.
Сонымен қатар іс-шара барынша нәтижелі өту үшін пробация қызметтері күнделікті жанар-жағармаймен және автокөлікпен қамтамасыз етілетін болады.
Осы өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты қоғамнан оқшалаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу, жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу, сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады.
Қызылорда облысы бойынша
Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті