Арнайы мониторингтік топтың отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөнінде арнайы мониторингтік тобының кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында мониторингтік топтың құрамы бойынша мәселе пысықталып, топ құрамына жаңадан қосылған мүшелер таныстырылды.
Топ құрамына жаңадан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының облыстық филиалының төрайымы Л.Бақтыбаева, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, блогер Б.Нұрқожаев, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, блогер Д.Эшатова, «Квант» ЖШС-нің директоры А.Шайымкулов, «Промстойсервис Е» ЖШС-нің директоры М.Еспенбетов қосылды.
Сондай-ақ, топтың алдағы уақытта атқарылатын міндеттері мен мақсаттары және топ мүшелерінің салалар бойынша тиісті жауаптылықтары белгіленді.
ҚОҒАМ 19 ақпан 2018 г. 1 092 0